RU
Зеленский әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Зеленский әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zelenskiy_official

Фото: Instagram/zelenskiy_official

Бұл туралы Зеленский Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Таяу Шығыстан қайғылы хабар жетті. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) ұшып шыққан "Украина халықаралық әуе компаниясының" жолаушылар ұшағы қалаға жақын жерде апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы қайтыс болған. Елшілігіміз қайғылы оқиғаның мән-жайы мен қаза болғандардың тізімі туралы ақпаратты нақтылап жатыр. Экипаж мүшелері мен барлық қаза тапқан жолаушылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді ол.

Boeing 737 лайнері бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты.

CNN мәліметінше, оқиға орын алған аумақта төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде.

Құлаған лайнердің отқа оранғаны да хабарланды.

Риа Новости дерегіне сәйкес, әуе көлігінде 167 жолаушы болған. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.

Mash басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызыл жарты айды құтқару қызметінің басшысы тірі адамдарды табу мүмкіндігі өте аз екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Кейінірек әуе кемесінің құлау сәтінен видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel