RU
Иранда құлаған Украина ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

Иранда құлаған Украина ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

Рассказать Вконтакте

Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Twitter / ManotoNews

Фото: Twitter / ManotoNews

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, Boeing 737 лайнері бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты.

CNN мәліметінше, оқиға орын алған аумақта төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде.

Құлаған лайнердің отқа оранғаны да хабарланды.

Риа Новости дерегінше, әуе көлігінде 167 жолаушы болған. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.

Mash басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызыл жарты айды құтқару қызметінің басшысы тірі адамдарды табу мүмкіндігі өте аз екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Кейінірек әуе кемесінің құлау сәтінен видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel