RU

Алексей Полторанин допинг үшін спорттан ресми түрде шеттетілді

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин ресми түрде спорттан төрт жылға шеттетілді. 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері допинг пайдаланғаны үшін жазаланып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық шаңғы спорты федерациясы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: sport.gov.kz

Фото: sport.gov.kz: Facebook

Одан бөлек, эстониялық шаңғышылар- 25 жастағы Андреас Веэрпалу, 30 жастағы Карел Маммъяров, сондай-ақ, көмекші қызмет өкілі Мати Алавер де спорттан төрт жылға аластатылды.

Тағы екі эстониялық шаңғышы- 34 жастағы Алго Кярпа мен екі дүркін олимпиада чемпионы, 48 жастағы Андрус Веэпалуға (Андреастың әкесі) қатысты іс әлі де жалғасуда, олар уақытша спорттан шеттетіліп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Полторанин мен үш эстониялықтың спорттан аластатылғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде тараған еді.

Ал үлкен спорттан шеттету туралы ресми шешім 2020 жылдың 2 қаңтарында қабылданды. Жаза Халықаралық шаңғы спорты федерациясы допингке қарсы ережесінің 2.2-тармағы-тыйым салынған затты немесе әдісті (қан допингі ) пайдалану және 2.9 тармағы (қылмысқа қатысу) негізінде тағайындалды.

Спортшылардың ешқайсысы іс бойынша сот тыңдалымын өткізуді талап етпеген. Сондықтан, шешім олардың қатысуынсыз қабылданған.

Енді шаңғышылар 21 күн ішінде Спорттық арбитраж сотына аппеляция ұсына алады.

Еске сала кетейік, Австрияда өткен шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінген ілінген еді. Олардың арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин да бар екенін хабарлағанбыз. Допинг дауына ілінген шаңғышы әлем чемпионатынан шеттетілген болатын.

Спортшының сөзінше, ол допингке байланысты бірнеше сараптамадан өткен. Алайда олардың ешқайсысы Полтораниннің қанынан тыйым салынған препаратты таппапты.

Осылайша, қазақстандық шаңғышы босатылған соң Мәскеуге ұшып кеткен. Кейіннен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы (сол уақыттағы) Алексей Полтораниннен қан түріндегі допинг анықталмағанын айтты.

Ал спортшы елді шулатқан жағдайда байлынысты тіл қатып, халықтан кешірім сұрады.

"Өмірімде ешқашан да допинг қолданған емеспін. Әлем чемпионатында алғаш рет тыйым салынған әдісті қолданып көрмек ой туындады. Алайда, құдайға шүкір олай жасамадым. Сол үшін қатты қуаныштымын. Мен біздің мемлекетке жеңіс алып келіп, жанкүйерлерді қуантқым келді. Мұндай оқиға орын алғаны үшін қатты өкінемін. Барша спортшылардан, спорт сүйер қауым, мемлекет басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын" , - деді ол

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алексей Полторанин допинг үшін спорттан ресми түрде шеттетілді