RU
Өлер алдында анасына хабарласқан: Ақтауда 18 жастағы әскери қайтыс болды

Өлер алдында анасына хабарласқан: Ақтауда 18 жастағы әскери қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтаудағы кемелердің бірінде қазақстандық матростың денесі табылды. 18 жастағы жігіт әскери борышын өтеп жүрген. Ол өз-өзіне қол салды деген болжам жасалып отыр. Қайғылы оқиғағадан бірнеше сағат бұрын жігіт анасына хабарласқан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жігіттің денесін кемедегі кезекші түнгі сағат үш кезінде тапқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер матростың тұншығудан көз жұмғанын анықтады. 

"Жедел жәрдем қызметінің бригадасы 10 минут ішінде жетті. Алайда тым кеш болды. Егер де біреу ертерек байқап, жедел жәрдем шақырғанда, жігітті аман алып қалу мүмкін болар ма еді", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Көз жұмған матрос Ақтауға әскери борышын өтеу үшін күзде Түркістан облысынан келген. "Қазақстан" ракеталық-артиллериялық кемесінде техник болып қызмет еткен. 

Әскери бөлім Жаңа жыл түнінде болған трагедияға қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жігіттің қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын үйіне хабарласқаны айтылып отыр. Кешкі 11-де анасымен соңғы рет сөйлескен. Олар 15 минуттай сөйлескен. Жігіттің туғандары әскери бөлімді кінәлап отырған жоқ.

Айта кетсек, Алматыда 15 жастағы жасөспірім 62 жастағы қарияны басынан ойын ағашымен (бита) ұрып өлтірген.

Ер адам үйінен дүкенге шыққан. Алайда оның жолына қара түсті джип көлігі тұрып қалған. Көліктің рөлінде 15 жастағы жасөспірім отырған. Жүргізуші автокөліктен шығып, қарт жаяу жүргіншіні ойын таяғымен (бита) басынан ұрған.

Төтенше оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткен. Алайда зардап шегушіні құтқарып қалу мүмкін болмаған, ол бірнеше минуттан соң көз жұмған. Кәмелет жасына толмаған азамат оқиғаның ертесі күні қолға түскен. Қазіргі уақытта болған оқиғаның жай-жапсарын, сондай-ақ жасөспірімнің көлік рөліне қалай отырғанын полиция анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel