RU
Белгілі тележүргізуші үйде күш қолданатындарға қатысты заңға енгізілген өзгеріске шүйлікті

Белгілі тележүргізуші үйде күш қолданатындарға қатысты заңға енгізілген өзгеріске шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-1, 73-2 баптарына сәйкес, қол жұмсау және физикалық зардап келтіргені үшін тағайындалатын айыппұлдың ескертуге ауыстырылғанына наразылығын білдірді. Ол заң жобасына енгізілген өзгеріске қарсы екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/diana_kyrykbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/diana_kyrykbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Диана Қырықбай президент қол қойған заңға қатысты ойын Instagram парақшасында жариялады.

Ол бұл жайында алдымен өзі пікір білдіріп, артынан оқырмандарына сауал жолдады.

"Мына жаңалықты оқып, шок болып отырмын. Шаш ал десе бас алатын жігіттер бар, оны мен комментарийден-ақ көріп жүрмін. Мына заңнан кейін енді, ұрмақ түгілі әйелдерін өлтіретін шығар. Менің 40% оқырмандарым ер азаматтар. Бұл заңға қатысты пікірлеріңізді білгім келеді. Президенттің парақшасын белгілеп жазсаңыздар да болады" , - деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары жаңа заң жобасы жайлы екі түрлі пікір білдірді. Бірі оған толықтай қарсы екенін айтса, енді бірі президент бастамасын қолдайтынын жеткізуде.

"Президент қол қойса, демек дұрыс. Ол ақымақ кісі емес қой" , "Бұл заң нағыз еркектер мен олардың жарларына әсер етпеуі керек" , "Басында миы жоқ, санасыз адам заңға да қарамайды", "Мен қарсымын, әйел адамды көзбен басқара білу керек", - деп ойларын ортаға салды көпшілік.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өткен жылдың соңында енгізілген түзетулерге наразылық білдігенін жазған едік.

Өз кезегінде ІІМ 73-1, 73-2 баптардағы айыппұл түрлері неліктен ескерту берумен алмастырылғанын да түсіндіріп өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel