RU
Салмағы 123 келі болған ару хоббиінен бас тартып, адам танымастай өзгеріп кетті

Салмағы 123 келі болған ару хоббиінен бас тартып, адам танымастай өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Филадельфия штатында тұратын Саманта Сотоның салмағы 123 келі болған. Ол өзінің хоббиінен бас тартуының арқасында 63 келіге дейін арықтап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/_samantha_fitvsg

Фото: instagram.com/_samantha_fitvsg

Артық салмақпен арпалысып жүрген өзге адамдар секілді Саманта да күндердің бір күні артық салмақтан арыламын деп ойламаған. Алайда ол бір жылдан астам уақыт бұрын бұлай жалғаса беруіне болмайтынын түсініп, дереу шара қолданған.

"Бұған дейін мен не қаласам да, қашан қаласам да жей беретінмін. Менің қытайлық мейрамханаларға барып, мәзірдегінің бәрін татып көретін хоббиім болған. Бірақ 22 жасқа толғанда денсаулығым нашарлай бастады. Сөйтіп мен өзгеруге бел будым", - деді Саманта.

2018 жылдың қарашасында бойжеткен асқазанына ота жасатып, оның көлемін кішірейтуге шешім қабылдаған. Саманта осыдан басқа жолын көрмепті. Өйткені ол өз-өзін мүлдем бақылауда ұстай алмаған.

Отадан кейін ол диетаға отырып, көмірсу өнімдерін азайтып, майларды тұтынуды көбейткен. Оған қоса жаттығу залына барып, фитнеспен айналысқан.

Қазір Самантаның салмағы 63 келі. Ол жарты жылдың ішінде бұрынғы салмағының жартысын тастаған. Ару қазір де жейтін тағамын қатаң бақылауда сұстайды. Ол калорияларын үнемі санап отырады.

Айта кетсек, Beboy атты француз фотографы күннен сәтті кадр алу үшін үш жыл бойы әлемнің көптеген елдерін аралағаны хабарланды.

Оның түсірген фотосуреттері көпшіліктің қызығушылығын туғызған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel