Выйти
RU

Шымкентте КамАЗ асфальтқа батып кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі көшелердің бірінде КамАЗ көлігі асфальтқа батып кетті. Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің жазбасынан кейін белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ Айгүл Орынбек

Фото: Instagram/ Айгүл Орынбек

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ал Айгүл Орынбектің сөзінше, Шымкенттегі жолдардың жағдайы әкімдер жариялайтын есептегідей жақсы емес. Ал шенеуніктер қарапайым халықтың тұрмысын бақылау үшін кеңселерінен шығуға асықпайды.

Қоғам белсендісінің бұл сынына қатысты "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жауап берді. Хабарламаға сәйкес, 2016 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС апатты жағдайға байланысты Шымкентте 1960 жылы салынған диаметрі 1000 мм № 2 канализациялық коллекторды қайта жаңғыртқан. Қайта құру жұмыстары сол жылы аяқталып, нығыздау бойынша барлық істер орындалған.

Алайда, 6 қаңтарда канализациялық коллектор арқылы өткен диаметрі 300 мм ирригациялық құбырдың бітелуінен траншеяға су түскені анықталады.

Сол себепті, ұзындығы 15 метр, ені 3 метр және тереңдігі 60 см траншея төмендеген.

"Дәл сол күні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері траншеяны тексеру және оны жабу кезінде ұйымның жүк көлігінің бір бөлігі траншеяға құлап кетті. Бүгінде барлық ақаулар ұйым есебінен жойылды, шөккен орындар толық жөнделді. Ауа райына байланысты асфальтті төсеу наурыз айына қалды",- делінген "СР-М" ЖШС ресми хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте ер адам екі үйдің ортасындағы 12 метрлік ойыққа құлап кеткен еді.

Зардап шегушіні құтқарушылар альпинистік сайманның көмегімен аман алып қалған болатын.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте КамАЗ асфальтқа батып кетті (фото)