Выйти
RU

Киев Ирандағы ұшақ апатынан нақты қанша адамның қаза болғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі бүгін, 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: isna.ir

Оқиға орнынан фото: isna.ir

Ресми мәлімдеме ведомствоның сайтында жарияланды.

Соңғы деректерге қарағанда, құлаған ұшақтың бортында 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар жоқ.

Ведомствоның ресми мәлімдемесінде әуе апатына байланысты шұғыл штаб құрылды. Оның құрамына премьер-министр, СІМ, ІІМ және қорғаныс министрлігінің басшылары кірді. Штабты Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы басқарады.

Құрылған штаб қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті. Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Ресейлік RT басылымының Telegram арнасы оқиға орнынан әзірге бір ғана қара жәшік табылғанын хабарлады. Ол құзырлы органдарға берілді.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Киев Ирандағы ұшақ апатынан нақты қанша адамның қаза болғанын мәлімдеді