RU

Air Astana Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Air Astana жолаушыларға Дубайға ұшу бағытындағы өзгерістер туралы хабарлайды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдаған.

Осыған байланысты, ұшу уақыты төмендегідей ұзарған:

Алматы-Дубай 20 минутқа,

Дубай-Алматы 10 минутқа,

Нұр-Сұлтан-Дубай 55 минутқа,

Дубай-Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

"Air Astana оқиғалар барысын мұқият қадағалайтын болады және өзгерістер туған жағдайда халықты хабардар етеді.
Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе Брондау және ақпарат орталығының 244 4477 (Алматыдан), 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сондай-ақ, +7 702 702 4477 нөміріне хабарласу арқылы нақтылауды сұраймыз",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 8 қаңтар күні Иранда Украина ұшағы апатқа ұшырап, әуе лайнеріндегі барлық жолаушы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ұшақта қазақстандық азаматтардың жоқ екенін мәлімдеді.

"Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Air Astana Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін болды
Mailfire view pixel