Выйти
RU

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды": Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүйсенбі күні, 13 қаңтарда Украина Жоғарғы радасының сыртқы саясат жөніндегі комитетінің отырысында Тегерандағы МАУ ұшағының апатқа ұшырауына қатысты ақпараттар және Иранның төңірегіндегі жағдайға байланысты мәселелер көтеріледі. Бұл туралы комитет басшысы Богдан Яременко мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Segodnya.ua-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнынан фото: isna.ir

Оқиға орнынан фото: isna.ir

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды және бұндай жағдай МАУ ұшақтарында болған емес. Сондықтан да Иранның аваициялық билігі тарапынан тергеудің ашықтығын күтеміз. Апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап ұсыну маңызды", – деп жазды Яременко өзінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті.

Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды": Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді