RU
Ақтөбеде сырғанақ тепкен бала көлік астына түсіп, мерт болды

Ақтөбеде сырғанақ тепкен бала көлік астына түсіп, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде сырғанаққа барған бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: chocolife.me

Көрнекі фото: chocolife.me

"Ақтөбе облысының Темір ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Бас жасар бала шамамен сағат 11:00-де үйінің жанында төбеден төмен қарай сырғанап жүрген. Ол аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан "КамАЗ" автокөлігінің, яғни, ассенизатордың доңғалағының астына түсіп кетті", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды.

Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған.

Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған.

Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа шығып кеткен. Дәл сол кезде Nissan X-trail көлігі қарсы бетте келе жатқан.

Қарсы бағыттағы көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан 2001 және 2002 жылы туғандар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel