RU
Қазақстандық әуе компанияларға Иранға ұшуды тоқтата тұру ұсынылды

Қазақстандық әуе компанияларға Иранға ұшуды тоқтата тұру ұсынылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшудан бас тарту ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазақстандық әуе компаниялар қалыптасқан жағдайға байланысты көрсетілген ұшуларды тиісті елдердің навигациялық қызметтерінің келісімі бойынша Иран әуе кеңістігіне баламалы әуе жолдары арқылы орындау мәселесін пысықтауда",- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы – "Эйр Астана" және "SCAT" тұрақты рейстерді орындайды. "Эйр Астана" әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан – Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы – Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшуларды орындайды.

Ал "SCAT" әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейсті және Алматы - Шарм Эль-Шейх және Шымкент – Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейсті орындайды.

Айта кетейік, осыған дейін Air Astana жолаушыларға Дубайға ұшу бағытындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады.

"Air Astana оқиғалар барысын мұқият қадағалайтын болады және өзгерістер туған жағдайда халықты хабардар етеді.
Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе Брондау және ақпарат орталығының 244 4477 (Алматыдан), 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сондай-ақ, +7 702 702 4477 нөміріне хабарласу арқылы нақтылауды сұраймыз",- делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel