RU
Путин Украина мен Иран президенттеріне көңіл айтты

Путин Украина мен Иран президенттеріне көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Иранда Украинаның Boeing 737 ұшағының апат болуына байланысты Украина мен Иран басшыларына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі

Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі

Ресей мемлекетінің басшысы Украина президенті Владимир Зеленскийге жеделхат жолдады. Ол Тегеран түбінде украиналық жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты шынайы көңіл айтатынын жеткізді.

Ресей президенті апаттан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Владимир Путин Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханиға жеделхат жолдап, әуе апаты салдарынан Иран мен өзге де елдер азаматтарының қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

"Ресей туған-туыстары мен жақындарынан айырылған адамдардың қайғыларына ортақтасып, оларға берік болуды тілейді", – деп атап өтті Владимир Путин.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті.

Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel