RU

Ирандағы ұшақ апаты: МАУ президенті брифингте көз жасына ерік берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Тегерандағы ұшақ апатына байланысты МАУ әуе компаниясы басшылығының қатысуымен брифинг өтті. БАҚ өкілдерінің алдында қайғылы оқиғаның салдарын баяндап жатқан компания президенті Евгений Дыхне көзіне жас алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "112-Украина"-ға сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

МАУ әуе компаниясы апаттан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың туыстары мен жақындарына қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын жеткізді.

Мәліметтер толық расталған соң, әуе компанияның сайтында жолаушылар тізімі жарияланады.

Бүгіннен бастап МАУ әуе компаниясы Тегеран бағытындағы рейстерін белгіленбеген мерзімге тоқтатуға шешім қабылдады.

Компания өкілдері авиациялық билікпен тығыз әріптестік орната отырып, апаттың себептерін анықтауға тырысып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті.

Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ирандағы ұшақ апаты: МАУ президенті брифингте көз жасына ерік берді (видео)
Mailfire view pixel