RU

Грекия футболшысы өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грекияда ағылшын премьер лигасының бұрынғы ойыншысы Дарко Ковачевичке қастандық жасалды. Спортшы қаруланған екі адамның шабуылынан аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дарко Ковачевич. Фото: Scanpix.com

Дарко Ковачевич. Фото: Scanpix.com

Белгісіз біреулер Сербия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысына автотұрақта шабуыл жасады. Оқ атылған кезде 46 жастағы футболшы жерге жата қалған. Сөйтіп, тізесінен және қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қастандық жасағандар Smart автокөлігіне отырып, оқиға орнынан ізін жасырған. Кейіннен аталған автокөлік жақын маңда өртенген күйде табылды.

Ковачевич испаниялық "Реал Сосьедад", италиялық "Ювентус" пен "Лацио" командаларында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болды. 1996 жылы оны ағылшындардың "Шеффилд Уэнсдей" клубы сербиялық "Црвена Звездадан" жалға алған болатын.

Осылайша, Англияда жарты маусым доп тепкен Ковачевич премьер-лиганың 16 матчына қатысып, төрт голдың авторы атанды.

Ал "Сербии және Черногория" ұлттық құрамасында 59 матч өткізген шабуылшы 10 голмен көзге түскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ақтөбеде" доп тепкен футболшының інісі Африканың үздік ойыншысы атанғанын жазған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грекия футболшысы өзіне жасалған қастандықтан аман қалды
Mailfire view pixel