RU
Мамандар қоғамдық орындарда телефон қуаттаудың қауіпті екенін мәлімдеді

Мамандар қоғамдық орындарда телефон қуаттаудың қауіпті екенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің әуежайларында, аялдамаларында, метро стансалары мен өзге де қоғамдық орындарында телефон қуаттайтын бағаналар көбейіп барады. Алайда, олар қауіпсіз емес көрінеді. Мамандардың пікірінше, қаскөйлер аталған қуаттау көздері арқылы телефонда сақталған мәліметтере қол жеткізіп, зиянды бағдарламалық жасақтамалар жүктей алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінгі таңда Мәскеудің әуежайларында, вокзалдарында, метро пойыздарында, автобустар мен қоғамдық көлік аялдамаларында гаджетті қуаттап алуға болады. Сондай-ақ телефон қуаттау бағаналарын көпсалалы орталықтарда, сауда-ойын сауық кешендерінде кездестіруге болады.

Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитиннің сөзіне қарағанда, стандартты USB-кабельдерде төрт сым болады: екеуі мәліметтерді, ал біреуі тоқты өткізу үшін, және тағы біреуі – "нөл".

"Іс жүзінде кез келген гаджетті USB арқылы қуаттау үшін екі сым жеткілікті – "нөл" және бес вольт. Ал мәліметтерді өткізетін сымдар пайдаланылмауы тиіс. Кабельге арнайы құрылғыны немесе қуаттау құралының өзіне шағын компьютер орнатуға болады. Сондай кезде гаджетіңізді қуаттау көзіне қоса отырып, сіз оны басқа бір құрылғыға қосып алуыңыз мүмкін", – деп түсіндірді Сергей Никитин.

Бұған дейін смартфонды түнгі уақытта зарядтаудың зияны туралы жазған болатынбыз. Маманның сөзінше, түні бойы қуат көзінде тұрған телефон аккумуляторының ресурсы жылдам азаяды екен.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel