Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Ақтауда асылып қалған матрос оқиғасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы теңізші-сарбаздың өлімі туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Сот сараптамалары тағайындалды. Ең алдымен мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Одан бөлек, өлімнен кейінгі сот-психиариялық сараптама бекітілген", - деп жауап берді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, департамент басшысы әлімжеттіктің болған-болмағанын да тексеретінін айтты.

"Әлімжеттік бойынша әскери бөлімшеде жарғыдан тыс өзара қарым-қатынастарының болғанын тексеріп жатырмыз. Оны әскери қызметшілерден, марқұмның әріптестерінен және кеме басшылары мен бөлімше командирлерінен жауап алуда анықтаймыз", - деді С. Әділов.

Еске сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы кемелердің бірінен матрос өлі күйінде табылғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, сарбаз 18 жаста болған. Ол жеке құрам гальюнында шалбар белбеуіне асулы күйінде табылды. Жігіттің денесін кемедегі кезекші түнгі сағат үш кезінде тапқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер матростың тұншығудан көз жұмғанын анықтады. 

"Жедел жәрдем қызметінің бригадасы 10 минут ішінде жетті. Алайда тым кеш болды. Егер де біреу ертерек байқап, жедел жәрдем шақырғанда, жігітті аман алып қалу мүмкін болар ма еді", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835228-iim-aktauda-asylyp-kalgan-matros-okigasyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel