Ақтөбеде мұнай қалдықтарына арналған резервуар жанып жатыр
Опубликовано:
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртеніп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндірулер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
"Келеңсіз жағдай "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ территориясында болды. Аумағы 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Барлығы 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілді. Зардап шеккен адам жоқ", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбеде сырғанаққа барған бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды.
"Ақтөбе облысының Темір ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Бас жасар бала шамамен сағат 11:00-де үйінің жанында төбеден төмен қарай сырғанап жүрген. Ол аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан "КамАЗ" автокөлігінің, яғни, ассенизатордың доңғалағының астына түсіп кетті", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835231-aktbede-mnaj-kaldyktaryna-arnalgan-rezeruar-zanyp-zatyr/