RU
Ирандағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Ирандағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Иранда ұшағы апатқа ұшыраған украиналық әуе компаниясы бортта болған жолаушылардың аты-жөнін жариялады. Қайғылы жағдай салдарынан экипаж мүшелерін есепке алмағанда, 168 адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Isna.ir

Фото: Isna.ir

Марқұмдар туралы барлық ақпарат әуе компанияcының ресми интернет-ресурсында пайда болды.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Кейіннен Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді.

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды және мұндай жағдай МАУ ұшақтарында болған емес. Сондықтан да Иранның аваициялық билігі тарапынан тергеудің ашықтықтын күтеміз. Апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап ұсыну маңызды", – деп жазды Яременко өзінің Facebook парақшасында.

Апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар жоқ екенін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel