RU
Нұрлан Нығматулин Тегеран маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Нұрлан Нығматулин Тегеран маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Иранда Украина жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза тапқан елдердің парламент басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Нығматулин. Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Нұрлан Нығматулин. Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

"Тегеранда ұшақ апатынан орын алған қайғылы жағдайды күйзеліспен қабылдадым. Оқиға салдарынан қаза болған азаматтар елдері Парламенттерінің спикерлеріне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қаза болғандардың отбастарына, барша жақындарына қайғырып көңіл айтамын", -деп жазды Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Кейіннен Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді.

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды және мұндай жағдай МАУ ұшақтарында болған емес. Сондықтан да Иранның аваициялық билігі тарапынан тергеудің ашықтықтын күтеміз. Апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап ұсыну маңызды", – деп жазды Яременко өзінің Facebook парақшасында.

Апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар жоқ екенін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel