RU

Қаскелеңдегі жарылыс: Зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыстан зардап шеккен екінші адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

"Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды", - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтар, сәрсенбі күні Қаскелеңдегі көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға орнында 10 жасар бала қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде хабарлағандай, жарылыс сағат 13:15-те Төле би көшесінің бойында орналасқан үйдің соңғы қабатында болған.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Сонымен қатар, ТЖК оқиға орнынан суреттер таратты. Онда опырылған қабырғалар мен сынған терезелерді аңғаруға болады. Ал үй ауласында жиылған халық пен өрт сөндіру көліктері тұр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаскелеңдегі жарылыс: Зардап шеккен екінші адам көз жұмды
Mailfire view pixel