Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садриддин Ахмедов Канадада "Жыл жаңалығы" атанды

Опубликовано:

Канаданың Netboxe.com басылымы 2019 жылды қорытындылады. Оған сәйкес, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов "Жыл жаңалығы" жүлдесіне ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ВКонтаке желісіндегі Қазақстанның кәсіпқой боксшы парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/sadriddin_soq
Фото: Instagram/sadriddin_soq: Instagram

Шетелдік басылым 21 жастағы қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы BC Asia және WBC Youth World чемпионы Садриддин Ахмедовты жыл жаңалығы номинациясына лайық деп тапқан.

"Қазақстанның бірінші орта салмақтағы спортшысы Канадада өзіне артылған үмітті толық ақтады. 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 18 жасында-ақ танылып, әуесқойлар арасында үздік атанды", - деп жазды Netboxe.com.

Сондай-ақ, Садриддиннің 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқаны, әуесқой бокста 251 жекпе-жек өткізіп, оның 241-інде жеңіске жеткені айтылды.

"Нұрзат Сабыров және Батыр Жүкембаев сияқты қазақстандық боксшылармен жұмыс істеп үлгерген Камил Эстефанның Eye of the Tiger Management атты канадалық компаниясы Ахмедовты қуана өз қамқорлығына алды. Қазіргі уақытта спортшыны Марк Рэмси жаттықтыруда.
Жоғары техниканы меңгерген Ахмедовтың соққысы өте мығым. Рэмси шәкіртінің бірнеше жылда әлем чемпионы атанатынын жеткізді. Садриддин осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өткізген 11 жекпе-жектің барлығында қарсыластарынан басым түсті. Қазақстандық спортшының жетістіктері таңғалдырады", - деп жазды шетелдік басылым.

Еске сала кетсек, Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Дивизионның бірінші орта салмағында өнер көрсететін Садриддин Ахмедов өз көрсеткішін жақсартып, 28-ші орынға жайғасты. Боксшы осыған дейін 35-ші орында тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835263-sadriddin-ahmedov-kanadada-zyl-zaalygy-atandy/

pixel