RU

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Таяу Шығыс елі АҚШ тарапынын агрессия болмаса, онда олар ешқандай әскери шабуыл жасамайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Касем Сулеймани. Фото: wikimedia commons

Касем Сулеймани. Фото: wikimedia commons

Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи ТАСС агенттігінің АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне Теһранның реакциясы туралы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеген.

"Біздің барлық әрекеттеріміз Касем Сулейманиге жасалған қастандыққа пропорционал келді. Олар аяқталды. Егер АҚШ Иранға қатысты әскери қимылдар қабылдамаса, біздің тарапымыздан - біз де ешқандай іс-әрекет жасамаймыз", - деді ол.

Дипломат ислам республикасы БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етіп, өзін-өзі қорғау құқығын іске асырды деп атап өтті.

"Егер АҚШ әскери әрекеттерге баруға шешім қабылдаса, Иранның жауап беруден басқа амалы қалмайды", - деді Мажид Тахт-Раванчи.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде "Аль-Кудс" ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Сондай-ақ Иранда қаза болған генералмен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамптың басы үшін 80 млн доллар сыйақы тағайындалған. Бұл қаражат ирандықтардан жиналмақ болғаны айтылды. Дегенмен Иран билігі бұл ақпарды ресми растаған жоқ.

Сонымен бірге, осыған дейін Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери күштері орналасқан нысандарына екінші зымыран толқынын ұшырып жатқанын мәлімдеді.

Трамп Иранның шабуылынан кейін АҚШ халқына үндеу жасап, туындаған кикілжіңді әрі қарай жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді
Mailfire view pixel