Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық азамат 40 мың долларды кроссовкасына жасырып, шекарадан өтпек болған (фото)

Опубликовано:

Өзбекстанның Әндіжан кеден бекетінде ер адам 40 мың АҚШ долларын кроссовкасына жасырып алып шықпақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Central Asia.media-ға сілтеме жасап.

Фото: centralasia.media
Фото: centralasia.media: Facebook

Мемлекеттік кеден комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан облысы "Дустлик" кеден бекетінде кеденшілердің назарын көрші мемлекетке бет алған бір азаматтың күдікті мазасыз әрекеті аударған.

Кедендік бақылау барысында ер адамның кроссовкасының ішінен жалпы сомасы 40 мың доллар (әр кроссовкада 20 мың доллардан) болатын ақша табылған. Азамат қаражатты елден заңсыз шығармақ болыпты.

Қазіргі уақытта қолма-қол шетелдік валюта заттай айғақ ретінде алынған. Құқық бұзу дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетсек, 2019 жылғы 22 қазандағы "Валюталық реттеу туралы" заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес жеке тұлғалар Өзбекстанға ұлттық және шетел валютасындағы қолма-қол ақшамен шектеусіз әкеле алады. Сондай-ақ жеке тұлғалар ұлттық және шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны мемлекет аумағынан тысқары жерлерге 100 миллион сумнан (10,5 мың доллар) аспайтын соманы әкетуіне болады.

Еске сала кетсек, Өзбекстанның шекара қызметкерлері Қазақстанмен шекаралас аймақтағы “Гишткуприк” бекетінде егде жастағы әйелді ұстаған еді. Ол шекарадан екі жасар немересінің жаялығына 1 келіден астам алтын тығып өтпек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835267-zbekstanda-er-adam-40-my-dollardy-krossovkasyna-zasyryp-sekaradan-tpek-bolgan-foto/

pixel