RU

Таяу шығыстағы шиелініс: Доллар бағамы 250 теңгеге дейін түседі ме

Рассказать Вконтакте

Сарапшы Денис Кривошеев Таяу шығыстағы шиелініс ушықса доллар бағамы 250-270 теңге деңгейін түсетінін болжады KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Экономикалық шолушы "Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы жалғасатын болса, бұдан осы мәселеден алшақ тұрған мұнай өндіруші елдер ұтады" деген әлемдік сарапшылардың пікірімен келісетінін мәлімдеді.

Оларға Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан сынды мемлекеттер жатады.

Денис Кривошеев бұл елдердің валюталары қосымша қолдауға ие болатынын және аймақта доллар тапшылығы біртіндеп жойылатынын жеткізді.

"Егер қақтығыс ушығып, мұнайдың бір баррелі 100-120 долларға дейін жетсе, онда біз доллардың бағамы 250-270 теңге деңгейінде болады деп болжауымызға болады", - деді сарапшы.

Ол доллардың құлдырауы ел экономикасына пайда алып келмейтінін ашып айтты.

"Одан біз жақсы болып кетпейміз. Яғни, қазіргі экономикалық жағдайымызда теңгенің нығаюы экономиканың түбегейлі жақсаруына алып келмейді. Себебі бұл жағдайда біз тағы да сырттан үлкен мөлшерде доллармен табыс тауып, соған малданған мемлекет қайтадан кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауда босаңси бастайды. Кейнсианизмге, яғни мемлекет өзі басшы әрі жұмыс беруші болатын экономикаға қайта ораламыз. Ал жеке капиталды дамыту мен қолдау кілт тоқтайды", - деп түсіндірді Денис Кривошеев.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде "Аль-Кудс" ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Осыдан кейін Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына екінші зымыран ұшыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Иранда қаза болған генералмен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамптың басы үшін 80 млн доллар сыйақы тағайындалған. Бұл қаражат ирандықтардан жиналмақ болғаны айтылды. Дегенмен Иран билігі бұл ақпарды ресми растаған жоқ.

7 қаңтарда қаза тапқан Иранның әскери жетекшілерінің бірі болған генерал Кассем Сүлейманияның кіші отаны Керман қаласында жерлеу рәсімі өтті. Қаланың орталық алаңына мыңнан астам адам жиналды. Көпшілік қыспағының салдарынан елуге жуық адам жарақат алып, отыз бес адам қайтыс болған.

Кеше, 8 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты Ақордада кеңес өткізді.

Қазақстан президенті Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таяу шығыстағы шиелініс: Доллар бағамы 250 теңгеге дейін түседі ме
Mailfire view pixel