RU

Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

BoxingScene басылымы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин келесі жекпе-жегін польшалық Камил Шереметке қарсы өткізетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gggboxing

Фото: Instagram/gggboxing: Instagram

Басылым мәліметінше, 37 жастағы Головкин мен 30 жастағы Шереметтің арасындағы кездесу польшалық диаспора көп шоғырланған Чикаго қаласында (АҚШ, Иллинойс штаты) өтеді.

Жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған.

Өзге дереккөздердің ақпарынша, қазақстандық боксшы шаршы алаңға сәуір немесе мамыр айында ораламақ.

Ал GGG болса келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Ал отандық спортшының мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн болса қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші кездесу 2020 жылы өтетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, 1909 жылы жарық көрген көне Boxing News басылымы өткен онжылдықтың ең үздік бес жекпе-жегін жариялады.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванштық кездесу аталған рейтингтің төртінші орнын иеленді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды