RU

Тимур Балымбетов алғаш рет сүйіктісін көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов алғаш рет елден жасырған сүйіктісін көрсетті. "Gakku" арнасының бас продюсері жүрегін жаулаған арумен түскен суретін көпшілікке паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Шоу-бизнес саласымен тығыз байланысты жүретін белгілі телепродюсер Instagram парақшасында ғашығымен түскен суретін жариялады.

Бұған дейін суреттерде сүйіктісінің жүзін жасырған ол осы жолы оны қалың жұртшылыққа таныстыруды жөн көрген.

"Осы жылдың ең кереметі - бір өзіңсің. Сені сағындым" , - деп жазды тележүргізуші желіге салған сурет тұсына.

Тимур Балымбетов мен оның сүйіктісінің суреті бірден желідегілердің қызу талқысына түсті.

Көпшілік Балымбетовты сұрақтың астына алып, қос ғашыққа баянды махаббат тіледі.

"Бақытты болсын, бастысы ұзағынан сүйіндірсін" , "Ғашығыңыздың жолы болғыш екен. Сіздей жігітті жаулап алу оңай емес" , "Көздеріңіз ұқсайды екен, ақкөңіл сияқтысыздар" , "Сіз үшін қуаныштымын, қызыңызда арман жоқ" , "Ақыры көрсеттің ба жүзін?" , "Талғамыңыз керемет, жарасымды жұпсыздар" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Рамазан Стамғазиевтің 82 жасында өзінен 45 жас кіші жанға үйленген өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановты сынағандарға қатысты пікір білдіргенін жазған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тимур Балымбетов алғаш рет сүйіктісін көрсетті (фото)
Mailfire view pixel