RU
Бесінші қабаттағы жақтауда ары-бері жүрген бүлдіршіннің әрекеті жұрттың үрейін ұшырды

Бесінші қабаттағы жақтауда ары-бері жүрген бүлдіршіннің әрекеті жұрттың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Желіде кішкентай қыз баланың биік ғимараттың бесінші қабатындағы жақтауда ары-бері жүгіріп жүрген видеосы пайда болды. Қауіпті көріністі камераға көрші үйдегі ер азамат түсіріп алып, болған оқиғаны күзетшілерге айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Келеңсіз жағдай Тенериф аралындағы Адехе демалыс аймағында болды.

Басылым мәліметінше, қыз бала бесінші қабаттың жақтауында жүргенде, оның ата-анасы душ қабылдап жатқан.

Желіде тараған видео көпшіліктің үрейін ұшырды.

Кадрдан кішкентай қыз баланың бесінші қабаттағы жақтау арқылы ары-бері еркін жүргенін байқауға болады.

La Sexta телеарнасының дерегінше, полиция қызметкерлері бүлдіршіннің ата-анасын анықтаған.

Олардың Финляндия азаматтары екендігі, аралға демалуға келгендігі белгілі болған.

Көршілері сол күні жел болмағанын, барлығының жақсылықпен аяқталғанын сәттілікке балауда.

Еске сала кетсек, Елордада екі жастағы бүлдіршін анасымен бірге тіс дәрігерінің қабылдауына барғаннан кейін кенеттен комаға түсіп қалды.

Оқиға Нұр-Сұлтандағы жекеменшік клиникалардың бірінде орын алған.

Қыздың анасы баладағы кариесті жою үшін маманға жүгінгенін сөз етіп, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
6
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel