Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Дильназ Ахмадиеваға ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Әнші Дильназ Ахмадиева желіде жолдасымен түскен суретін жариялап, елді қуантып қойды. Желі қолданушылары аяғы ауыр өнер иесі мен оны құшақтап тұрған жұбайына сүйсініп, оларға деген жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әдетте сүйіктісінің суретін өте сирек жариялайтын Ахмадиева Instagram парақшасында 31 желтоқсан күні түкен суретпен бөлісіп, халықтың ыстық ықыласына ие болды.

Аталмыш фотода ерлі-зайыптылардың айнаның алдында құшақтасып тұрғанын көруге болады.

"Қымбаттым, тек қана бақыт тілеймін" , "Қандай әдемісіңдер, бақыттысыңдар" , "Болашақ ата-ана" , "Күйеуіңіз жас көрінеді " , "Сіз үшін сондай қуаныштымын" , "Екеуің де бақытқа лайықсыңдар" , "Тәттісіңдер" , "Тіл көзден сақтасын жаратқан" , "Қандай жарасымды жұп. Аман-есен босанып, балаңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер" , "Жүктілік сізге жарасады екен" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева 40 жасқа таяған шағында алғаш рет ана атанбақ. Аяғы ауыр екені жайлы ақпарат тарап кеткен соң, өнер иесі алғаш рет жүктілігі туралы пікір білдірді.

Ахмадиеваның тұңғышы болжам бойынша көктем айларында дүниеге келмек.

Әнші болашақ сәбиінің есімін жолдасы екеуі өзара ақылдасып қоятынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835296-aagy-auyr-dilnaz-ahmadievaga-el-sjsindi-foto/

pixel