RU
"Жүрегім тоқтап қала жаздады": Роза Рымбаева Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты

"Жүрегім тоқтап қала жаздады": Роза Рымбаева Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың желтоқсан айында Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Рымбаеваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп, айрықша белгі - Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен марапаттаған еді. Осы орайда өнер иесі сұхбат беріп, президенттен не сұрағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Ақорда

Фото: NUR.KZ / Ақорда

Танымал әнші, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева "Время" газетіне ашық сұхбат берген.

Роза Рымбаеваның сөзінше, сахнадағы 45 жылдығына орай ол біраздан бері президенттің қабылдауына жазылмақ болып жүрген. Алайда мемлекет басшысы әртістің алдын орап, оны Ақордаға жеке шақырған.

Роза Қуанышқызы үшін бұл күтпеген шақырту болыпты.

"Мен Тәуелсіздік күніне орай концерттің дайындығына Нұр-Сұлтанға келдім, бір кезде маған: "Сізді Ақордада марапаттайтын болады. Кеудеңізге орден тағуға болатындай, костюм киіңіз" деп хабарлады. Шыны керек, бұған дейін Ақордада бірде бір рет болмағанмын, президентпен ешқашан сөйлеспегенмін және біздің Тәуелсіздігіміздің 28 жылында осындай қабылдауда бірінші рет болдым.
Барлық медальдар мен марапаттар табысталып, жалпы фото жасау үшін фойеге барған сәтте, күтпеген жерден жанымда тұрған президентті көрдім. Менің жүрегім тоқтап қала жаздады! Ал ол: "Роза, сіз бір жағыма, екінші жағыма - Тамар Асар тұрсын" деді. Осы сәтте мен батылдығымды жинап: "Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің қабылдауыңызға жазылсам болады ма?" дедім. Ол бірден: "Егер сіз ертең де астанада болсаңыз, онда сағат таңғы тоғызда келіңіз" деп жауап берді", - деп есіне алды Роза Рымбаева.

Әртіс Тоқаевпен не жөнінде әңгімелескенін де айтып берген. Роза Қуанышқызы дарынды жас әншілерді халықаралық байқауларға қатысуға үйрету үшін өзінің жеке музыкалық орталығын ашу мүмкіндігі туралы сұраған.

"Біреудің пәтер немесе басқа да дүниелерді сұрап жататынын білемін. Ал мен өз тәжірибемде зейнеткерлердің мәселесін, таза 45 жыл жұмыс істеп, бар-жоғы 75 мың теңге зейнетақы алатынымды айтпақ болғанмын.
Кейіннен ойымнан айнып, ұялдым. Мен тек өзіммен қатар оркестрлерде жұмыс істеп, өте аз жалақы алатын музыканттар мен аспапшылар туралы сөз қозғай алдым. Президент осыған назар аударады деп ойлаймын... Міне осылайша өткен жылдың соңында күтпеген жерден екі рет Ақордада болдым", - дейді Роза Рымбаева.

Еске сала кетсек, президент Роза Рымбаеваны Ақордада қабылдап, оған "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілген.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel