Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ханзада Гарри мен оның жұбайы корольдік отбасы өкілеттігінен бас тартты

Опубликовано:

Британиялық ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл мәртебелері бойынша өздеріне тиесілі қаржылық жеңілдіктен бас тартып, өз бетінше ақша табуға шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: vogue.ua
Фото: vogue.ua: Facebook
"Көптеген айлар бойы ойланып, талқылағаннан кейін біз биыл бұл институттың ішінде жаңа прогрессивті рөлге біртіндеп көшуге шешім қабылдадық. Біз корольдік отбасының "жоғары дәрежелі" мүшелері қатарынан шығып, Ұлы мәртебелі патшайымды толық қолдай отырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін жұмыс істеуге ниеттіміз", – деп мәлімдеді герцог пен герцогиня әлеуметтік желіде.

Гарри мен Меган патшайыммен, Чарльз және Уильям ханзадаларымен ынтымақтастығын жалғастыратынын атап өтіп, қолдаушыларына алғыс білдірді.

"Патшайымның, сондай-ақ Ұлттар достастығы мен біз қаржыландыратын ұйымдардың алдындағы міндеттерімізді құрметтей отырып, өз уақытымызды Ұлыбритания мен Солтүстік Америка арасында бөлуге ниеттіміз. Бұл географиялық баланс ұлымызды корольдік дәстүрлерді құрметтей отырып тәрбиелеуге, сондай-ақ отбасымыз үшін жаңа кезеңге өтуге, соның ішінде жаңа қайырымдылық қорын құруға кеңістік береді", – дейді олар.

Айта кетейік, былтырғы маусым айында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Қасым-Жомарт Тоқаевты шын жүректен Қазақстан президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, хат жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1835312-hanzada-garri-men-ony-zbajy-koroldik-otbasy-kilettiginen-bas-tartty/

pixel