Выйти
RU

Джастин Бибер қауіпті дертке шалдықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Канадалық әнші, қыздардың арманына айналған Джастин Бибер ауыр дертке шалдыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/justinbieber

Фото: instagram.com/justinbieber

Өнер иесі денсаулығының нашарлағанын Instagram желісіндегі парақшасы арқылы хабарлаған.

"Көптеген адамдар Джастин Бибер өте нашар көрінеді, метамфетаминде отырады деп айтты. Бірақ олар менде Лайм ауруын анықтағанын түсінген жоқ. Тек оны ғана емес, созылмалы мононуклеоздың ауыр түрі анықтал, ол менің теріме, ми жұмысыма, энергияма және жалпы денсаулығыма әсер етті", - деп жазған Джастин Бибер.

Ол сондай-ақ, осы дертпен екі жылдан бері күресіп келе жатқанын, дұрыс емнің арқасында сауығып жатқанын және таңы да сахнаға шыға алатынын жеткізген.

2019 жылдың наурыз айының соңында Джастин сахнадан уақытша кететінін айтып, оның себебін отбасы мен денсаулығына қатысты деп түсіндірген.

Айта кетсек, Лайма дерті оның отандасы әнші әрі актриса Аврил Лавинді де айналып өтпеген. Жұлдыз бірнеше жылын өлім мен өмірдің арасында өткізген. Қорқынышты диагноз Лавинге 2014 жылы қойылған. Осы уақыт аралығында дәрігерлер оның денсаулығы үшін барынша күрескен.

Джастин Бибер сансациялық мәлімдеме жасаған соң Аврил Лавин де әріптесін қолдап, Instagram парақшасына арнайы жазба салған.

Лайма дерті - кене шағуы арқылы берілетін бактериялардың бес түрінен туындайтын жұқпалы ауру. Ауру көптеген клиникалық көріністерге ие, оның ішінде бас ауруы, әлсіздік және тері бөртпелері бар.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында ресейлік рэп орындаушы Тимати АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өзінің дәмханасын ашқан еді. Black Star Burger ашылу салтанатына оны әлемдік жұлдыз Джастин Бибер құттықтай келгені хабарланған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Джастин Бибер қауіпті дертке шалдықты