RU

Өзбекстандық әнші немере сыйлаған келініне қымбат көлік тарту етті

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан әншісі Рашид Холиков отбасы мүшелеріне қымбат көлік сыйлаймын деп жұрттың ашуына тиді. Видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/parizoda_liboslari

Фото: Instagram/parizoda_liboslari

Видео кадрынан әртістің келініне Малибу-2, ал жұбайына BMW X7 көлігін сыйлағанын байқауға болады.

БАҚ мәліметінше, Холиков ата атанғанына риза болып, отбасына мүшелеріне осындай сыйлық жасаған.

Алайда әнші желіде қымбат көлік сыйлағаны үшін бірден сынға ұшырады. Өзбекстандықтардың көбісі оны "мақтаншаққа" теңеген.

Арасында "әртістің тапқан таянғанын тексеру керек" деп салық комитетіне жүгінгендер де табылды.

Айта кетейік, өзбекстандық әртістер жеке өмірін жария ете бермейді. Қарапайым адамдар олардың қалай өмір сүретінінен бейхабар.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда дүркіретіп той жасауға тыйым салынды. Аталған құжат биылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қабылданған ережелерге сәйкес, отбасылық іс-шараларды тек бір күн сағат 06:00 ден 23:00-ге дейін өткізуге рұқсат берілген (жерлеу рәсімін қоспағанда).

Адамдар үйлену тойын өткізу туралы кем дегенде бір апта бұрын тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі басқару органына ескертуі қажет.

Осыған дейін көп ақша жұмсамай-ақ дүркіретіп той жасау үшін жеті кеңес ұсынған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстандық әнші немере сыйлаған келініне қымбат көлік тарту етті
Mailfire view pixel