RU

Ирандағы ұшақ апатынан қаза тапқан жасөспірімдер мен жастар туралы не білеміз

Ирандағы Boeing 737 ұшағы апатынан қаза тапқандар арасында кәмелет жасқа толмаған 24 бала бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ligа.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коллаж: LIGA.net
Коллаж: LIGA.net: Facebook

Ажал құшқан 24 баланың ішінде он тоғызы 12 жасқа толмаған. Ең кішкентай 2018 жылы туған. Апат салдарынан бүтін бір жанұялар қаза тапқан.

Педрам Мусави, әйелі Мойган Данешвам және екі қызы Дарья мен Дорина Мусави. Педрам мен Мойган Альберт канадалық университетінің профессоры болған. Олар инженерлік факультетте дәріс оқыған. Канадалық университет CBS басылымына жанұяның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Фото: liga.net
Фото: liga.net: Facebook

Швециялық Линдберг жанұясы. Линдберг Микаэль, әйелі Рехелех және екі ұлы Эрик пен Эмиль. Алдын ала ақпарат бойынша, Эмиль Линдберг швед хоккей командасында сол қапталдағы шабуылшы болып ойнаған. Марқұмдар туралы басқа ақпарат әзірге белгісіз.

Фото: Liga.net
Фото: Liga.net: Original

Екі-ақ минутта күллі көкке ұшқан ұшақта үш ирандық бала-Ахмади Мотахере (2011), Ахмади Мух Сен (2014) және Ахмади Рахмтин қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, олар ата-аналары Ахмади Секинхе мен Ахмади Митрамен саяхаттап жүрген.

Ұшақ бортында 2014 жылы туған Эмами София атасымен және әкесімен отырған, ал 2011 жылы дүниеге келген Эгхбали Базофт Шахзад 1960 жылы туған Эгхбали Базофт Шахрокхпен бірге болған.

Boeing 737 бортындағы ең жас жолаушы 2018 жылғы Молани Курдия еді.

Фото: Liga.net
Фото: Liga.net: Getty Images

Екі жасар бүлдіршін ата-анасы Хива Моланимен және Эвин Арсаланимен бірге ұшқан. Эвиннің Facebook желісіндегі суреттеріне қарағанда, ол Моланимен 2013 жылы некеге тұрған.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: Instagram

Апаттан Иран Денсаулық сақтау және медициналық білім министрінің орынбасары Мохсен Асадиларидің Асадилари Мохаммадхосейн (1996) мен Зейнеб Мохаммадхосейн (1998) есімді балалары да көз жұмған. Бұл туралы ISNA агенттігі хабарлады.

Linkedin желісіндегі парақшасына қарағанда, Мохаммад канадалық STEAM студенттік шәкіртақысының құрылтайшысы болған, Торонто университетінде PhD оқып жатқан. Ол нанохимия, қатерлі ісік иммунологиясы, нейрохирургия мен нейробиологияға қатысты көптеген мақалалардың авторы. ЮНЕСКО-ның канадалық кеңсесімен, канадалық Қызыл Крестпен серіктес және PeerBuds білім стартапының кеңесшісі болған.

Фото: Liga.net
Фото: Liga.net: Facebook

Зейнаб та Торонто универсиетінде медицина бойынша білім алған. Оның Linkedin желісіндегі өмірбаянында студенттік өмірде белсенді болғаны айтылады.

Фото: Liga.net
Фото: Liga.net: Twitter

Қайғылы жағдай салдарынан Альберт канадалық университетінің түлектері, жас жұбайлар қаза тапты. Араш Поурзараби мен жары Горжи Пунех 3 қаңтар күні той өткізген. Linkedin желісіндегі парақшасына қарағанда жастар информатика мамандығы бойынша ғылыми дәреже алған.

Фото: Liga.net
Фото: Liga.net: Getty Images

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1835326-irandagy-sak-apatynan-kaza-tapkan-zspirimder-men-zastar-turaly-ne-bilemiz.html