RU

Иран украиналық ұшақ апатына қатысты зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иран украиналық Boeing ұшағының апатына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Mazyar Asadi

Фото: Sputnik / Mazyar Asadi

Иранның Азаматтық авиация ұйымының есебінде Boeing ұшағының жерге соқтығыспай тұрып, өртенгені айтылған.

"Куәгерлердің хабарлауынша, өрт ұшақтан шыққан және фюзеляжға тараған", - делінген құжатта.

Ведомствоның хабарлауынша, лайнердің ұшу траекториясы ақаулар пайда болғаннан кейін экипаждың әуежайға қарай қайтпақ болғанын көрсеткен. Дегенмен ұшқыштар борттағы пайда болған мәселелерді хабарламаған.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады. Кейіннен Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді.

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды және мұндай жағдай МАУ ұшақтарында болған емес. Сондықтан да Иранның аваициялық билігі тарапынан тергеудің ашықтықтын күтеміз. Апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап ұсыну маңызды", – деп жазды Яременко өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ қаза тапқандардың есімдері белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иран украиналық ұшақ апатына қатысты зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады
Mailfire view pixel