Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оң жақта отырып қалған қыздардың тұрмысқа шыға алмауына не кедергі

Опубликовано:

Бір үйдің түтінін түтетіп, сүйікті жар, ардақты ана, аяулы келін болуды армандамайтын нәзік жандылар кемде кем. Дегенмен біраз жасқа келсе де өз теңін таба алмай, оң жақ босағада отырып қалған қыздар жетерлік. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап, отырып қалған бикештердің неліктен тұрмысқа шыға алмай жүргенін анықтады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Психологтардың ұзақ зерттеулер жүргізуінің арқасында әйелдердің жеке өмірінде неліктен жолдары болмайтыны анықталған. Барлық кедергі арулардың өзінде. Бойыңыздағы кейбір мінездеріңізді жеңе білсеңіз, ақ боз атты ханзадаңызды ертерек кезіктіріп, бақыт құшағында болуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Шектен тыс тәуелсіздік

Әйелдердің күші - әлсіздігінде дегенді жиі естіп жатамыз. Алайда қыздар қауымы барлық міндеттеме мен ауыртпалықты өзінің мойнына артып алуға құмар. Осыдан кейін ер адамдарда мұндай мықты әйелге қажетім шамалы деген пікір қалыптасады.

Кез келген ер адам үшін нәп-нәзік сүйіктісіне аз да болса көмектескен ұнайды. Жұмысбасты болып жүріп, нәзіктігіңізді жоғалтып алмай, сүйгеніңіздің алдында әлсіз болуға тырысыңыз.

Қызғаныш

Кез келген болмашы нәрсеге, егер нақты себеп болмаса, қызғана бермеңіз. Шектен тыс қызғанып, жігітіңіздің кеңістігін шектеп қоймаңыз. Қарым-қатынасыңызды бұзғыңыз келмесе, өз-өзіңізді бақылауда ұстап үйреніңіз.

Өз-өзін дұрыс бағаламау

Егер қыз-келіншектер өзін басқа ханымдардан төмен санаса, онда ер азаматтар да оны солай қабылдайды. Өз бағаңызды тым төмендетіп тастамаңыз. Сіз өзіңізді төмен санаған сайын, сүйіктіңіз де сізді солай қабылдап, бір күні басқа өзін жоғары бағалайтын сылқымға кетіп қалуы мүмкін.

Сондай-ақ ер адамыңызбен болған кез келген мәселені анаңызға не құрбыларыңызға айтып, солардың пікірін сүйіктіңізге іліп қоймаңыз. Қалай дегенмен екеуара қарым-қатынас тек ер мен әйелге ғана тиесілі әрі құпия болуы керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін адамдардың ақшаны көп тауып, байып кетуіне не кедергі келітретіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835349-o-zakta-otyryp-kalgan-kyzdardy-trmyska-syga-almauyna-ne-kedergi/

pixel