RU
Boeing 737 ұшағы Израильде апатқа ұшырай жаздады (видео)

Boeing 737 ұшағы Израильде апатқа ұшырай жаздады (видео)

Рассказать Вконтакте

8 қаңтар күні Тель-Авивтегі Бен-Гурион атындағы әуежайда Руанда әуе желісі иелігіндегі жолаушылар лайнерінің қозғалтқышы отқа оранды. Екпіндеу уақытында жалын байқалған соң әуе кемесі ұшуға жіберілген жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Boeing 737 ұшағы Израильде апатқа ұшырай жаздады (видео)

Фото: Видеодан кадр

Әуе лайнері Руанда астанасы-Кигалиге 8 қаңтар күні түнде ұшпақ болған. Алайда, ұшақ ұшу-қону жолағында екпіндеген уақытта сол жақ қанаттағы турбинадан от лаулай бастаған.

"Вести Израиль" басылымының мәліметіне сәйкес, әуе кемесі мен лайнер экипажы әуе апатын болдырмау үшін жылдам әрекет еткен.

Ұшу шұғыл түрде тоқтатылып, адамдар жарамсыз әуе көлігінен эвакуацияланған. Артынша қайтадан терминалға жеткізілді.

Қауіпті жағдай салдарынан бірде бір жолаушы да, экипаж мүшесі де зардап шеккен жоқ.

Жергілікті "Решет-бет" радиобекетінің тілшісі Шарон Идан лайнер қозғалтқышынан от шығып жатқан сәтті видеоға түсіріп үлгеріпті. Журналист материалды Twitter желісіндегі өз парақшасында жариялаған екен.

Ұшақ бортында 100-ден аса адам болған.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті.

Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel