Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзі мен оң жақ қолынан айырылған сарбаз: Сот жазықсыз екенімді анықтап берсе екен

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Бейнеу әскери бөлімінде гранатаны жарып алған сарбазға қатысты сот Ақтөбе әскери гарнизонында басталды. Алты ай бұрын бір жақ көзі мен оң қолынан айрылған сарбаз басшыларының немқұрайлығынан зардап шектім деп налыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көзі мен оң жақ қолынын айырылған сарбаз: Сот жазықсыз екенімді анықтап берсе екен
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Алғашында куәгер ретінде жауапқа тартылған қатардағы жауынгер қазір күдіктілердің қатарында. "Қауіпсіздікті сақтамады" деп кінәлілердің қатарына қосылған сарбаз айыппен келіспейді.

"Қауіпсіздік ережесін сақтамағаным үшін жауапқа тартып жатыр. Жағдай басшылардың немқұрайлығынан болды. Олар сабақ өтетін жерге соғыс құралдарын әкелмеу керек еді. Оның үстіне қараусыз қалдырған. Мен оны қызығушылықпен қолыма ұстадым. Оны нағыз соғыс құралы деп ойлаған жоқпын.
Оқу жаттығу кезінде пайдаланылатын макет деген сенім болды. Себебі жарылғыш заттар жерде шашылып жатты. Оны қолыма алып, қасымдағыларға қалай қолданатынын көрсетпек болдым. Қас қағым сәтте жарылды. Мен біреуді жазалауды не моралдық шығын талап етпеймін. Сот жазықсыз екенімді анықтап берсе екен", - дейді сарбаз Сергей Кошелев.
Көзі мен оң жақ қолынын айырылған сарбаз: Сот жазықсыз екенімді анықтап берсе екен
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Тоғыз ай әскерде болған жауынгер жарылыстан кейін аяғынан жарақат алып, оң қолының саусақтары жұлынған. Бір көзі көрмейді. Сотқа сарбаздың анасы да келген. Жеті бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана әділдік сұрайды.

"Әскерге сау жіберген баламды мүгедек қылып қайтарды. Соттан баламды қорғап шығаруын сұраймын. Ол әскери қызметкер емес, қатардағы жауынгер. Мен 22 жастағы баламды өмірін майып қылсын деп әскерге жіберген жоқпын. Әскери борышын өтеп, азамат болып келсін деген баламды жарымжан қылып қайтарды.
Тағы олар балама 6 миллион 109 мың  теңге шығынды төлетіп, екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айырмақ. Баламды әскерге соттау үшін жіберген жоқпын. Ол әрі қарай әскери қызметкер боламын деп жүр еді. Өмірін тас талқан етті. Сау боламды мүгедек қылып қайтарғанымен қоймай үлкен көлемде ақша іліп, жауапқа тартпақ", - дейді анасы Балапан Көшерқызы.

Айыпталушылардың қатарында Сергейден бөлек №99/116 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Ринат Қалиев пен капитан Хасен Әбдушахымов та бар.

Екеуі де отбасылы. Ринат Қалиевтің төрт баласы болса, Хасен Әбдкшахымов екі баланың әкесі. Айыпталушылардың қорғаушылары тергеу жүргізгендер мен оқиғаны көргендердің барлығын куәретінде шақыруды сұрады.

Айта кетейік, оқиға 2019 жылдың 17 шілдесінде № 99/11 Бейнеу әскери бөлімінде болды. Әскерилер  ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабының 1-бөлігі "Қаруды, сондай-ақ басқаларға қауіп төндіретін заттар мен заттарды қолдану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық жауапқа тартылып жатыр.

Еске сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы кемелердің бірінен матрос өлі күйінде табылғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, сарбаз 18 жаста болған. Ол жеке құрам гальюнында шалбар белбеуіне асулы күйінде табылды. Жігіттің денесін кемедегі кезекші түнгі сағат үш кезінде тапқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер матростың тұншығудан көз жұмғанын анықтады.

Сондай-ақ, ІІМ асылып қалған матрос оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Көзі мен оң жақ қолынын айырылған сарбаз: Сот жазықсыз екенімді анықтап берсе екен
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835357-kzi-men-o-zak-kolynyn-ajyrylgan-sarbaz-sot-zazyksyz-ekenimdi-anyktap-berse-eken/

pixel