Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Сергектер" 8 күн ішінде 42 млн теңгеге құқық бұзушылықтар тіркеді

Опубликовано:

Оңтүстік астанада іске қосылған "Сергек" бейнебақылау жүйесімен 8 күн ішінде жалпы сомасы 42 010 397 теңгеге екі жарым мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев: Facebook

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы жылдың басынан бері "Сергек" камералары 2 564 бұзушылық тіркеген.

Белгілі болғандай, анықталған бұзушылықтардың ішінде ең кең тараған түрлері – жылдамдықты асыру және жол белгілері ережелерін сақтамау.

Оңтүстік астананың полициясы жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қосымша 400 "Сергек" бейнебақылау камерасы орнатылатынын, олардың нақты мекен-жайы мен тізімін хабарлаған болатынбыз.

300 камера мектептердің, балабақшалардың жанында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде, ал 100 видеотіркеуіш жол айрықтарында орнытылады деп жоспарланған еді.

Сондай-ақ бұған дейін Өскемендегі "Сергек" камераларының кей жүргізушілерге ереже бұзбаса да айыппұл жазғанын мәлім еткенбіз.

Белгілі болғандай, интеллектуалды жүйенің баптауында ақаулар пайда болыпты. Айыппұлдар алынып тасталды. Ал жоқ қарызын өтеп үлгергендерге ақшалары қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835366-almatydagy-sergekter-8-kn-isinde-42-mln-tegege-kkyk-bzusylyktar-tirkedi/

pixel