RU
Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында 29 жастағы мүгедектігі бар азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Ержан Жұмабеков 8 қаңтар күні А-98 көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "NewTimes.kz" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл жайында Нұр-Сұлтан еріктілерінің координаторы Ольга Тультаева хабарлаған. Ол жоғалған азамат туралы ақпаратты таратуға көмек сұраған.

"Оның мекен-жайы белгісіз. Қазір өздігімізше іздеуге кірісіп кеттік", -деді ерікті.

Ержан үйден шыққан соң 18:00- ден 19:00- ге дейін Силикатный аумағында бой көрсеткен.

"Алматы" ауданының Ішкі істер басқармасы басшысы іздеу туралы арызды жоғалған азаматтың әкесі тастағанын хабарлады.

Еріктілердің сөзінше, азаматта денсаулыққа байланысты жүрістің бұзылуы байқалады.

Белгілері: Бойы 166 см, қоңыр көзді. Ержан қара тері құлақшын, көк күрте мен қоңыр шалбар киген.

Айта кетейік, елордада екі жастағы бүлдіршін анасымен бірге тіс дәрігерінің қабылдауына барғаннан кейін кенеттен комаға түсіп қалды. Қазіргі таңда қыз баланың жағдайы ауыр.

Бұл туралы қыздың анасы Анастасия Зеленая Facebook желісінде мәлімдеді. Оқиға Нұр-Сұлтандағы жекеменшік клиникалардың бірінде орын алған.

Оның айтуынша, 26 желтоқсанда ол екі жасар қызын тіс емдету үшін стоматологияға алып барыпты.

Әйел адам баладағы кариесті жою үшін маманға жүгінгенін сөз етті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel