Выйти
RU

Мальдив аралдарында демалып жатқан жұлдыздар кімдер (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жаңа жыл өте салысымен жаппай бірден жылы жақтарға ұшып кетіп жатыр. Кейбірі демалыстан елге оралып үлгерсе, тағы басқа өнер иелері енді ғана ыстық мемлекеттерге аттануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kair_n/
ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жаңа жылды Қазақстанда отбасымен қарсы алған Қайрат Нұртас мереке өткен соң, әйелі мен бала-шағасымен Мальдив аралдарына ұшып кетті.

Шоу-бизнес өкілінен кейін, аталмыш аралға Instagram жұлдызы Айнұр Нүрсейітова да жетіп алған. Ол демалысын екі перзенті мен анасымен бірге өткізуде. Танымал ару ыстық жақтағы суреттерімен видеоларымен желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Алайда, Қайрат Нұртастың отбасы демалысынан тек екі фото ғана жариялаған.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа жылдан кейін шетелге демалуға кеткен жұлдыздар топтамасын жасаған болатынбыз.

Оған қоса, Мадина Сәдуақасова алғаш рет жаңа жылын Қазақстаннан өзге елде қарсы алған. Ол мереке қарсаңында Малайзияға демалысқа кетіп қалған.

Сонымен қатар, отандық танымад әнші Қайрат Нұртас жаңа жылдан кейін Instagram желісіндегі барлық суреттерін өшіріп тастап, өз жанкүйерлерін біраз уайымға салып қойған еді. Хитменнің тыңдармандары оның бұл шешіміне не түрткі болғанын біле алмай әлек.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мальдив аралдарында демалып жатқан жұлдыздар кімдер (фото, видео)
Mailfire view pixel