Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам өмірін он жылға қалай ұзартуға болады

Опубликовано:

Гарвард және Амстердам университетінің қолданбалы ғылым мамандары адам өмірін он жылға қалай арттыруға болатынын анықтады. Олар зерттеу нәтижесін British Medical Journal журналында жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар өз зерттеулерінде 50 жастағы 100 мыңға жуық адамның деректерін пайдаланған. Олардың сөзінше, зерттеу 20 жыл бойы жүргізілген.

Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырған адамдар кейін қатерлі дертке немесе екінші деңгейлі диабетке ұшырағаны анықталған.

Зерттеушілердің пайымынша адам денсаулығына бәрінен бұрын шылым шегу, ішімдікті шамадан тыс көп ішу, дұрыс тамақтанбау және құрамында қант пен майы бар тамақтарды жиі тұтыну, аз қозғалу және артық салмақ сынды факторлар кері әсер ететінін анықтаған.

Зерттеу нәтижесі бойынша салмақтары орташа әйелдер орта есеппен 84,4 жасқа келетіндігі, ал зиян әдеттері бар әйелдердің шамамен 73,7 жасқа келетінін анықталған. Ер адамдардың арасында бұл көрсеткіш 81,1 және 73,5 жасты құраған.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана америкалық ғалымдар адамдардың 80 жылдан кейін қалай өзгеретінін айтқан еді. Олар адамдардың сырт келбеті мен қол сүйектері, бас ми сүйегі өзгеретінін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835386-adam-mirin-on-zylga-kalaj-zartuga-bolady/

pixel