RU
Ирандағы ұшақ апатының видеосы пайда болды

Ирандағы ұшақ апатының видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Иранның бұқаралық ақпарат құралдарында жақында болған ұшақ апатының видеосы жарияланды. Әуе кемесінің құлаған сәті көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оқиға орнынан фото: isna.ir

Оқиға орнынан фото: isna.ir

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті. Оның айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Бүгін, 9 қаңтарда Иран украиналық ұшақ апатына қатысты зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады. Жергілікті Азаматтық авиация ұйымының есебінде Boeing ұшағының жерге соқтығыспай тұрып, өртенгені айтылған.

"Куәгерлердің хабарлауынша, өрт ұшақтан шыққан және фюзеляжға тараған", - делінген құжатта.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel