RU
Нұр-Сұлтанда екі жасар қыз комаға түсіп қалған стоматология жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда екі жасар қыз комаға түсіп қалған стоматология жабылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында екі жасар бала комаға түсіп қалған стоматология жабылуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі комитеті тексеріс жүргізгеннен кейін сотқа клиника қызметін тоқтату туралы арыз дайындап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Балаға қатысты жантүршігерлік жағдайдан кейін комитет клиникаға тексеріс жүргізіп, бірқатар тәртіп бұзушылықты тіркеді.

Дәлірек айтқанда, стоматологиялық клиниканың жұмыс істеуге лицензиясы бар болғанымен, онда қызмет ететін анестезиолог-реаниматологтың медициналық қызметке рұқсаты жоқ екені анықталды. Оның клиникалық тәжірибе сертификаты 2019 жылдың күзінде аяқталып кеткен. Ал ол екі жасар қызға желтоқсан айында қызмет ұсынған.

Сонымен қатар, клиникада дәрі-дәрмек сақтау ережесі де бұзылыпты. Препараттар бұзылған бөлмеде температура мен ылғалды хабарлағыш болмай шыққан екен.

Одан бөлек, "Доктор Брода" қолданылған препараттардың жанама әсерін бақылайтын маман жоқ екені анықталды.

Тексеріс жұмыстары нәтижесінде клиникада пайдаланылатын медициналық құралдардың, атап айтқанда, наркоз өткізуге арналған, науқастың жағдайын бақылайтын және дефибриллятор сынды аппараттардың да сертификаты жоқ екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта клиника басшылығына айыппұл салынды. Сертификат уақыты өтіп кеткен анестезиолог-реанимотолог та жұмыстан босатылып, айыппұл өтейтін болды. Аталған оқиғаға қатысты іс полицияға жолданды.

Денсаулық сақтау министрлігі комитеті енді Нұр-Сұлтандағы клиника қызметін тоқтату үшін сотқа арыз дайындап жатыр.

Айта кетейік, сәбиді комаға түсірген тіс емханасында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel