RU

Бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасында бірқатар заң бұзушылық анықталды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің комитетінде астаналық "Доктор Бро" стомотологиясында жүргізілген тексеру нәтижелері айтылды. Аталаған мекемеде ем алғаннан кейін 2 жасар қыз комаға түскен болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тіс емханасында жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша оқиғаның алдын ала себептері белгілі болды. Екі жасар қыз анестезия салынғаннан кейін комаға түскен. Анықталғандай, анестезия үшін бүлдіршінге егілген үш дәрі-дәрмектің біреуі – 4 жасқа дейінгі балаларға салуға тыйым салынған.

Болжам бойынша, Мепивастезин салынғаннан кейін сәби шок алған. Дәл осы препараттың 4 жасқа дейінгі балалардың қабылдауына тыйым салынғанын айта кету керек.

Сонымен қатар, комитеттің мәліметінше, күрделі ота жасамас бұрын стоматологияда балаға дұрыс медициналық зерттеу жүргізбеген – оның қан биохимиясын және глюкоза деңгейін тексермеген, сондай-ақ жүрек кардиограммасын жасамаған.

Дәрі-дәрмектерді салмас бұрын баланы бар-жоғы 15 минут қараған. Ал ережеге сәйкес, бүлдіршін оған дейін 24 сағат бұрын тексеруден өтуі тиіс еді.

Бұдан бөлек, сәбиге дәрі-дәрмек салған клиниканың анестезиолог-реаниматологының медициналық сертификатының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Ведомствоның ақпарынша, оның мерзімі 2019 жылғы күзде өткен, сол себепті дәрігер медициналық қызмет көрсетуге құқығы жоқ еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасында бірқатар заң бұзушылық анықталды
Mailfire view pixel