RU

Қарағандыда жасөспірім отшашу кезінде зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда Жаңа жылда болған от шашу кезінде мектеп оқушысы жарақаттанды. Бұл туралы баланың анасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда жасөспірім отшашу кезінде зардап шекті

Көрнекі фото: pxhere.com

Жаңа жыл кешінде ешкімнің зардап шекпегені туралы хабар тарағанымен, шын мәнінде басқаша болып шықты.

Жергілікті басылым редакциясына Қарағанды қаласының тұрғыны келді. Ол желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 13 жасар баласының зардап шегіп, травматология бөлімінде болғанын айтты.

Қала тұрғыны пиротехниканы қолдаудағы қауіпсіздік шараларын жақсы білетінін сөз етті. Сол себепті отбасы қауіпсіздік ережелерін қатаң қолданатынын да алға тартты.

Көшеде оның жұбайы от шашуды қарға қойып, жаққан. Барлығы алыс тұрған. Бірақ соған қарамастан екі снаряд о баста қоршауға тиіп, содан барып жасөспірімге тиіпті.

Ол айтарлықтау ауыр жарақат алмады. Оны дәрігерлер қарап, кейіннен үйге жіберілді.

Әйел адамның хабарлауынша, оқиғаға қарамастан олар үшін отшашусыз мереке болуы мүмкін емес.

Отбасы не де болса петардаларды қолданатынын сөз етті. Алайда енді қауіптің алдын алу үшін пиротехниканы арнайы дүкендерден сатып алуға шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде сырғанақ тепкен бала көлік астына түсіп, мерт болғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда жасөспірім отшашу кезінде зардап шекті
Mailfire view pixel