Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Нұрғожин жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Марат Нұрғожин
Марат Нұрғожин. Фото: spaceres.kz: Facebook

Бұрынғы цифрлық даму вице-министрі Марат Нұрғожин жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығында басқарма төрағасы ретінде еңбек етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы хабарлаған.

Нұрғожин Марат Байқуанышұлы 1957 жылы 30 маусымда дүниеге келген.

Техника ғылымдарының докторы.

Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және ҚР Инженерлік академиясының академигі.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. Әр жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министрлігінде, «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істеді.

2016-2019 жылдар аралығында қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымында қызмет атқарды. Соңғы тағайындауға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Осы уақытқа дейін «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасының лауазымын атқарған Шыңғыс Омаров В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының директоры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835425-marat-nrgozin-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel