RU

Павлодарда бесінші қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылған

Telegram logo VKontakte logo

Павлодарда ер адам бесінші қабаттың терезесіне шығып секірмек болған ер адам құтқарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағы №1 құтқару бөлімшесінің бастығы Серік Төлегенов мәлім етті.

"Сағат 17:53-те "112" пультіне Толстой көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ер адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына кезекші ауысымның құрамында 4 құтқарушы тез арада шықты", - дейді Серік Төлегенов.

Құтқарушылар оны сөзге тарта бастағаннан кейін ғана тынышталып, байланысқа шыға бастаған, бірақ кіреберіс есікті ашпай қойыпты. Сол сәтте учаскелік инспектор сол пәтердің кілттері бар туысын іздеп тапқан.

Ер адамның есікті ашуға бөгет жасау салдарынан есіктің құлпы сынып, сырттан кілтпен ашу мүмкін болмаған. Сондықтан арнайы құрал-жабдықтардың көмегіне жүгінуге тура келген.

Ер адам туыстары мен полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Еске сала кетсек, Өскеменде полицейлер балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалған еді.

7 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында полицияға қалаағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адамның үшінші қабаттағы пәтердің балконнан секірмек болғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына көп ұзамай патруль экипажы жіберілді. Патрульдік полиция инспекторлары шақыру түскен мекенжайға бара жатып учаскелік полиция қызметкерлерінен пәтердің жалға берілгенін білген.

Сондай-ақ Қарағандыдағы көпқабатты үйден секірмек болған аруды аман алып қалған полицейлер марапатталған. Бұл туралы ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз өз Facebook парақшасында хабарлаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Павлодарда бесінші қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылған