RU
Атырауда батарея жұтып қойған 11 айлық бала көз жұмды

Атырауда батарея жұтып қойған 11 айлық бала көз жұмды

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 28 желтоқсанында Атыраудағы ауруханалардың бірінде батарея жұтып қойған сәби қайтыс болды. Қаза болған науқас небәрі 11 айлық болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басылымға нәрестенің өліміне қатысты пікірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген.

Ведомство басылымға зерттеу нәтижелері рентген көмегімен алынғаннан кейін дәрігерлер баланың денесінде бөтен денені көргенін хабарлаған.

Ең алдымен мамандар науқастан эндоскопияның көмегімен батареяны алуға тырысқан. Алайда мұның соңы сәттілікпен аяқталмапты.

Уақыттарының аз қалғанын түсінген ақ халаттылар баланың өмірін сақтау үшін дереу ота жасауға кіріскен. Бірақ бұл да басты мәселені шеше алмапты.

Ақыр соңында кішкентай науқастың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол тыныс алу мен жүрек жеткіліксіздігіне байланысты қайтыс болды.

Еске сала кетсек, Алматы облысында желшешекпен ауырған үш жасар бала қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, үш жасар балада желшешектің асқынған түрі - энцефалит болған. Сондай-ақ ақ халаттылардың сөзінше, дер кезінде қолындағы іріңді алып тастағанда кішкентай баланы аман алып қалуға болар еді.

Баланың ата-анасы ұлдарының өліміне қатысты тексеріс жүргізілгенін талап етті. Сонымен қатар олар сотқа арыз түсіріп, прокуратураға жүгінбек.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында үш жасар баланың өліміне қатысты жоспардан тыс тексеріс жұмыстары басталып кеткенін хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel