RU
"Барселона" Испания суперкубогының финалына шыға алмады

"Барселона" Испания суперкубогының финалына шыға алмады

Рассказать Вконтакте

Испания суперкубогының жартылай финалында мадридтік "Атлетико" каталониялық "Барселонаны" жарыс жолынан шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/atleticodemadrid

Фото: Instagram/atleticodemadrid

Тартысты матч Сауд Арабиясында өтті.

Есепті екінші таймның алғашқы минуттарында "Атлетико" жартылай қорғаушысы Коке ашса, араға бес минут салып "Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси таразы басын теңестірді.

Гризманн ойынның 61-минутында бұрынғы клубына гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді.

Осыдан кейін "Атлетико" шабуылды үдетті. Нәтижесінде матчтың 81-минутында испаниялық шабуылшы Морато 11 метрлік айып добын сәтті орындап, үміт отын қайта жақты.

Ойын ақталуға санаулы минуттар қалғанда "Атлетико" шабуылшысы Корреа "Барселона" қақпашысынан айласын асырып, командасын финалға алып шықты.

Ойын 3:2 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді.

Осыған дейін финалға берілген алғашқы жолдаманы мадридтік "Реал" жеңіп алды. Корольдік ұжым "Валенсияны" 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы Инстаграмда ең көп қаржы тапқан жұлдыздар жайлы жазған болатынбыз.

Көшті "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында аргентиналық футболшы Лионель Месси.

Желі арқылы пайда табу жолында алғашқы үштікті Кендалл Дженнер қорытындылады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel